A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына орай Көкшетау жоғары медициналық колледжінде дәріс өткізілді

29 сәуiрде Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңiс күндерi қарсаңында Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Қораныс министрi Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 95 жылдығына орай Көкшетау жоғары медициналық колледжiнде дәрiс өткiзiлдi. Дәрiс барысында Сағадат Қожахметұлының өмiрбаяны мен әскери қызметi туралы айтылды, сонымен қатар деректi фильм көрсетiлдi.

Сағадат Қожахметұлы 1924-шi жылы 25-шi мамырда Ақмола облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының батыры, Тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрi, елiмiздiң тұңғыш Халық Қаһарманы. I-шi Түркiстан пулеметшiлер әскери училищесiн, 1949-шы жылы Фрунзе атындағы әскери академияны, 1971, 1981 жылдары КСРО Бас штабы әскери академиясының жанындағы Жоғары академиялық курстарды бiтiрген. Соғыстан кейiнгi жылдары Түркiстан әскери округiнде жауапты қызметтер атқарған. Полк командирi, құрама штаб бастығы, Қазақ ССР Азаматтық қорғаныс штаб бастығы болған. Орта Азия әскери округi, Оңтүстiк әскерлер тобы қолбасшысының бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарған.

ҚР Қорғаныс бойынша мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Елбасының кеңесшiсi болған. КСРО, Қазақстан Республикасы, шет елдердiң көптеген мемлекеттiк наградаларымен марапатталған.

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 2595

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»