2022 жылдың 21 қарашасында Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері М.Ғабдуллиннің 75 жылдығына орай Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді. «Менің майдандас достарым» кітабының электронды нұсқасы көрсетіліп, аталмыш кітаптан үзінділер оқылды. Сондай-ақ, колледж студенттеріне «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты көрмеде экскурсия жүргізілді.