Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық жобаны іске асыру шеңберінде Ақмола облысының мемлекеттік архивінде сақталған архивтік құжаттарды жариялау мүмкіндігі пайда болды.
Ақмола облыстық архивінің жұмыс жасау барысында біздің өңіріміз туралы орасан зор ғылыми, тарихи және мәдени ақпарат жинақталды. Архивистердің арқасында өлке тарихының баға жетпес тарихи дәлелі болып табылатын архивтік құжаттар сақталды.
Архивистер мен республикалық жобаға қатысушылардың бірлескен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде архивтік құжаттар негізінде: «История насильственной коллективизации в Акмолинской области» (архивтік құжаттардың материалдары бойынша); «Ақмола облысының аумағындағы лагерьлік қоныстар»; «История жертв политических репрессий в Акмолинской области в 1920-50 гг.» (архивтік құжаттардың материалдары бойынша); «Архив құжаттары негізінде Ақмола облысындағы қазақ ауылдарын кеңестендіру тарихы» атты кітаптар жарық көрді.