A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысы мемлекеттік архиві Мемлекеттік тілді дамыту қорымен ұйымдастырылған «Латын әрпіне көшу - қазақ тілін дамыту мен жаңғырту жолы» семинар жұмысына қатысты

2018 жылдың 11 сәуiрiнде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы мемлекеттiк архивi «Латын әрпiне көшу — қазақ тiлiн дамыту мен жаңғырту жолы» семинар жұмысына қатысты.

Iс-шара Тұңғыш Президент қоры мен Ақмола облысы әкiмдiгi арасында жасалған Меморандум аясында өткiзiлдi.

Семинар барысында Ақмола облысы мемлекеттiк архивiмен 1929 жылы КСРО түркi халықтарының жазуын латын әрпiне ауыстырудың тарихи тәжiрибесiн зерттеуге мүмкiндiк беретiн «Қазақ латын әлiпбиi тарихының архив құжаттары» атты архив деректерiнiң көрмесi ұсынылды.

Көрменi Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Мусралимова А.Е., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң «Рухани жаңғыру» институтының директоры Е. Арын, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ректоры Абжаппаров Ә.А. аралап, тамашалады.

Сонымен бiрге iс-шараға жастар қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi, қазақ тiлi мен әдебиетiнiң оқытушылары, аудармашылар, ғалымдар және республикалық және аймақтық БАҚ өкiлдерi қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018
Қаралым саны: 2827

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»