«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жетi қыры» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 25-27 қарашасы аралығында республиканың басқа аймақтарынан архивтiк құжаттарды толықтыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттiк архивiне iс-сапар жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысы барысында Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттар табылды: Ақмола облысында болған ерлер және әйелдер интернаты, Ақмола жер бөлiмi ұйымдары туралы, Ақмола облысында болған болыстық және станицалық басқармалар, Ақмола уезiнiң ауылдары, болыстары, Ақмола уезiнiң мектебi, Ақмола губерниясының аумағындағы тұзды көлдер туралы мәлiметтер. Ақмола уезiнiң схемалық карталары және т.б.