АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысының мемлекеттік архиві Көкшетау қаласы мен облыстың барлық тұрғындарының назарына келесі ақпаратты ұсынады

Егер Сіздің отбасылық альбомдарыңызда атақты адамдардың, әкелер мен аталардың ескі фотосуреттері, халық шаруашылығы мен мәдени-білім беру саласындағы есте қаларлық оқиғалар туралы жеке фотосуреттер, сондай-ақ біздің облыстың дамуына үлес қосқан ҰОС, Ауған соғысына қатысушылардың және көрнекті тұлғалардың құжаттары сақталған болса, өткен уақыттағы баға жетпес мәліметтердің жоғалып кетуіне жол бермеңіз. Оларды мемлекеттік сақтауға біздің архивке тапсырыңыз, біз тарихты халық жадында сақтау үшін ризашылықпен қабылдаймыз. Фотосуреттің түпнұсқалары сканерленіп, иелеріне қайтарылады.

Сіздермен бірге өлкеміздің тарихи мұрасын толықтыру үшін ынтымақтасуға дайынбыз.

Жауаптарыңызды мына телефон арқылы күтеміз: (87162) 26-64-44; 87077438707; 87025252003.

 

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2024
Қаралым саны: 438