2023 жылдың 02 маусым күні Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ИРК-221 тарих факультетінің студенттері үшін ақпараттық — ұйымдастыру бөлімінің архивисі А. Алдибекова слайдтарды көрсете отырып, «Ел рәміздері — еркіндік нышаны» тақырыбында мемлекеттік рәміздер күніне арналған тарих сабағын өткізді.
Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран Мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Сабақ соңында Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Оқжетпес жартасы мен Абылай хан алаңында Қазақстанның ең үлкен туының (ұзындығы – 30 метр, ені — 15 метр) тұсаукесері туралы бейнеролик көрсетілді.