«Өлке тарихы –Ел тарихы» фотокөрмесі Шортанды ауданында
«Өлке тарихы –Ел тарихы» фотокөрмесi Шортанды аудандық мәдениет үйiнде өттi. Ашылу салтанатында аудан әкiмi Садвакасова Гульнур Ануарбековна сөз сөйледi. Өз сөзiнде аталмыш iс-шаралар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиелеуiне зор ықпал атқаратынын атап өттi.
Сонымен қатар көрмеге ауылдық және поселкiлiк округ әкiмдерi, мемлекеттiк қызметшiлер, жергiлiктi тұрғындар, Шортанды кентiнiң мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары қатысты.
Iс-шара барысында келушiлер естелiкке фото жасап, жақсы әсер алғандарын және көрме ұйымдастырушыларына өз алғыстарын бiлдiрiп облыс тарихы туралы көбiрек ақпарат алғанына қуанышты екенiн айтты.
Мақаланың шыққан күні: 18.09.2019
Қаралым саны: 2185