AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Флоренс Найтингейл медалімен марапатталған әйелдер» тақырыбындағы фотоқұжаттық көрме

2023 жылдың 06 наурызында Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық - ұйымдастыру бөлімінің архивисі Асем Алдибекова архив құжаттары бойынша дайындалған «Флоренс Найтингейл медалімен марапатталған әйелдер» атты көрме өткізді. Көрмеге Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің студенттері қатысты.

Флоренс Найтингейл медалін 1912 жылы Халықаралық Қызыл крест Комитеті өзінің өмірін науқастар мен жаралыларды күтуге, мейірбике ісін дамытуға арнаған ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлдің құрметіне шығарылған. Медаль бейбіт немесе соғыс уақытында, жаралы, науқас адамдарға күтім жасау кезінде көрсеткен ерекше батылдығы мен адалдығы үшін беріледі.

Сондай-ақ, аталмыш колледж студенттеріне «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме залы бойынша экскурсия жүргізілді.

 

Мақалың шыққан күні: 06.03.2023
Қаралым саны: 945
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика