Ақмола облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Сұрапыл соғыс жылдары» атты көрме өткізілді.
Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатысты. Көрме қанды майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздіктен басталды. Кейін академия курсанттары Ақмола өңірінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерімен танысып, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдинов туралы «Высокое небо Талгата» атты деректі фильмді көрді.
Аталмыш көрменің мақсаты жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, майдангерлердің ерлік істерін жадында жаңғырта отырып, жауынгерліктің даңқты дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру.