AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Архив құжаттары сөйлейді» фотоқұжатты көрме

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» бағдарламасы аясында ашық есік күні өтті.

Назарбаев Зияткерлік Мектеп оқушыларына, құрылыс технологиялдық колледж студенттеріне, жас зерттеушілер клубының мүшелеріне «Архив құжаттары сөйлейді» атты көрме өткізілді, архив құжаттарына сүйене отырып 20 ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалар, Ұлы Отан соғысы, Ақмола облысының пионер және комсомол қозғалысының тарихы және тәуелсіздік кезеңі туралы қысқаша мәлімет берілді.

Көрме алдында оқушыларға, студенттерге, жас зерттеушілерге архив жұмысы, бөлімдері туралы шағын экскурсия жүргізілді. Сондай – ақ жергілікті «Көкше» телеарнасымен аталмыш көрме бойынша сюжет түсірілді.

Мақалың шыққан күні: 21.09.2022
Қаралым саны: 1578
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика