Ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң архивисi А. К. Алдибекова және археографы Г. К. Касимова «Ақмола дивизияларына 80 жыл» атты фотоқұжаттық көрме дайындап өткiздi. Көрмеге Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжiнiң студенттерi шақырылды.
Оқушыларға жерлестерiмiздiң майданда және тылда жасаған ерлiктерi туралы айтылды, архивтiк фотоқұжаттар көрсетiлдi. Балалар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, архив құжаттарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша экскурсия өткiзiлдi.