АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Фотоқұжатты көрме

2024 жылғы 21 мамырда Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ақпараттық — ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Рамазанұлы Сағдиевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Нар тұлға» тақырыбында фотоқұжатты көрме өткізді.

Көрмеде қаламызға үлесін қосқан кемеңгер тұлғаның өмір жолы, халқының үмітін ақтаған көкшенің мәртебелі азаматы жайлы баяндалды.

М. Сағдиев 83 жыл ғұмырында ұзақ, әрі мазмұнды өмір сүрді. Әр түрлі жоғары лауазымдарда лайықты жұмыс істей отырып, ол өзінің барлық білімі мен ұйымдастырушылық қасиетін туған өлкенің өркендеуіне арнады.

Іс шараға «ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери — техникалық мектебі» РМҚ Щучье филиалы сарбаздары және ҚР төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары шақырылды.

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2024
Қаралым саны: 1471