Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық — ұйымдастыру бөлімі 2024 жылғы 6 наурызда 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қиындыққа сынбаған асыл жандар» атты фотоқұжатты көрме өткізді.
Фотоқұжатты көрмеде әртүрлі салада қызмет еткен тұлғалар жайында баяндалды. Облыстың мәдени және білім саласына үлес қосқан Көкшетау қаласының құрметті азаматы, ағарту ісінің үздігі К. Темирбаева, Еңбек ардагері, кітапханашы Л. Абуова, журналист, әдеби қызметкер В. Теплякова туралы ақпарат берілді.
Көрмеге С. Жүнісов атындағы № 18 мектеп лицейінің оқушылары қатысты.