Ақмола облысының мемлекеттік архивінің ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, кеңестік партия қызметкері, одақтық мәндегі дербес зейнеткер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңген мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Батырханов Бүркітбай Мәсіпұлының 100 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты фотоқұжатты көрме өткізілді.Іс шараға ҚР төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары шақырылды. Ақпараттық - ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Асем Алдибекова кемеңгер тұлғаның фотосуреттері мен құжаттарын көрсетіп, өмір жолы туралы баяндады. Іс шара соныңда Бүркітбай Мәсіпұлының естелік бейнеролигі көрсетілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram