Iс-шара Ш. Уәлиханов ат. университет негiзiнде өттi. «Рухани жанғыру» бағдарламасы бойынша екi мекеме арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шегiнде ұйымдастырылды. Баяндаушылар «Қазақстанның этностары» тақырыбында сөз қозғады. Ақпараттық-ұымдастыру бөлiмiнiң жетекшiсi Г.А. Рахимжанова, облыстық архив қорларынан алынған материалдар негiзiнде баяндама жасады. Атап айтқанда 1904 жылы жарыққа шыққан «Первая всеобщая перепись населения Российской империи 1897 года» кiтабының материалдары алынды. Архив материалдары дөңгелек үстел қатысушыларына, студенттерге слайд түрiнде ұсынылды.