Ақмола облысының мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, кезектi рет «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрме залы бойынша Ш.Уәлиханов ат. КМУ студенттерi үшiн цифрлық форматтағы эксурсия өткiздi.
Экскурсия барысында студенттер Ақмола облысының тарихы мен көрнектi тұлғалары жайында архивтiк материалдармен таныстырылды. Онда 18 ғасырдан бүгiнгi күнге дейiнгi құжаттар кезеңi қамтылған.
Аталмыш экскурсияның мақсаты шәкiрттерге туған өлкенiң, елiмiздiң даму тарихында алатын орны туралы фотоархивтiк құжаттар арқылы бiлiмдерiн кеңейту, патриоттық және туған жерi Қазақстан Республикасы үшiн мақтаныш сезiмдерiн қалыптастыру.