A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты көрмесінің экскурсиясы Ақмола облысы мемлекеттік архивінде өтті

2018 жылдың 13 ақпанда сағат 16.00-де Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегi архив құжаттарының көрмесi бойынша экскурсия өттi. Экскурсия Көкшетау қаласы Ақан Серi атындағы мәдениет колледжiнiң студенттерi үшiн өткiзiлдi. Iс-шара қатысушыларына экскурсияны ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң архивистi Ибраева Т.Т қазақ тiлiнде өткiздi.

Архивтiк құжаттарда 19 ғасырдан бастап бүгiнгi уақытқа дейiнгi Ақмола облысының тарихы баяндалады. Көрменiң басты мақсаты — архив құжаттарының алуан түрлiлiгiн, олардың бiрегейлiгi мен құндылығын көрсету. Құжаттар мәдени және ғылыми құндылығы бар ақпараттық толымдылығы тұрғысынан iрiктелiп алынған болатын.

Көрме 300-ден аса экспонаттарды бiрiктiрiп, олардың арасында қағаз құжаттары, фотоқұжаттар, карта және кiтаптар бар.

Экспозицияға дереккөз ретiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, және Көкшетау, Степногорск қалаларының мемлекеттiк архивiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, облысы мекемелерi мен ұйымдарының материалдары пайдаланылды.

.

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2018
Қаралым саны: 3087

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»