Жыл сайын қазан айында әлем бойынша Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн қарияларымыздың еңбегін еске түсіруге, қарттардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңа көзқараспен қарауға керемет кезең болып табылады.
Ақмола облысының мемлекеттік архив қызметкерлері, Қарттар күні мерекесімен еңбек жолын архив қызметіне арнаған ардагерлерді құттықтады. Ұжым атынан жылы тілектерін білдіріп, сыйлықтар табыстады.