АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Алғыс Күні

2023 жылдың 01 наурызында Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық - ұйымдастыру бөлімінің архивисі А. Алдибекова құрылыс-технологиялық колледжінің студенттеріне Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту адамдықтың белгісі» тақырыбында дәріс оқыды.

Көктемнің алғашқы мерекесі — алғыс айту күні, елімізде бұл күн 2016 жылдан бастап атап өтілуде.

Алғыс айту күні — бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Оқылған дәріс бойынша тақырыпты бекіту үшін оқушыларға сұрақ-жауап диалогы өткізілді.

А. Алдибекова аталмыш дәріске қатысқан студенттерге алғыс айтып, оларға бейбітшілік, амандық, бақыт пен жақсылық тіледі!

Мақаланың шыққан күні: 01.03.2023
Қаралым саны: 1296