АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Cеминар өткізілді

2016 жылдың 26 шiлдесiнде ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлiмi «Iстердi құру және рәсiмдеу, құжаттарды жедел сақтау және ҰМҚ құжаттарын мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру тәртiбi», мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «2014 жылғы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларының ерекшелiгi және 2015 жылғы тiзбе» тақырыптары бойынша семинар өткiзiлдi.

Семинарға құқық қорғау органдарының, сот, ауылшаруашылығы, транспорт саласынан барлығы 28 адам қатысты.

Семинар «Өрлеу» ұлттық бiлiктiлiктi көтеру орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердi бiлiктiлiгiн көтеру институты» ғимаратында өткiзiлдi.

   

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016
Қаралым саны: 2549