АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Брифинг

2015 жылғы 29 сәуiрде Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығына арнап «Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағатының Ұлы Отан соғысы туралы құжаттарды жинау, сақтау және пайдалану бойынша жұмыстары жөнiнде. Қорларды соғыс туралы жаңа құжаттармен толықтырудың өзектi мәселелерi» тақырыбында брифинг өткiзедi.

Ақмола облысының тұрғындары жеңiске тылда және алғы шепте өз үлестерiн қосты. Мұрағат қорларында майдан мен халықтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етiп, егiстiктерде, фермаларда, зауыттар мен кәсiпорындарда аянбай тынымсыз еңбек еткен ақмолалықтардың ерлiк еңбегi туралы көптеген құжаттар бар. Әсiресе бiздiң жерлестерiмiздiң соғыстың алғашқы сәттерiнде-ақ Отан алдындағы парызын ақтау үшiн, жалаң төстерiн жау оғына қарсы қойып айқасқа түскенiн айғақтайтын құжаттар ерекше бағалы орынға ие. Ақмолалықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында соғысты, барлық әскери және флот күштерiнде әртүрлi қызметтер бойынша жан аянбай жаумен арпалысты. Облыста 310, 387, 29-(72-гвардиялық) атқыштар дивизиясы, 106-кавалериялық дивизия құрылды. Көкшетау ауданы және Көкшетау қаласының, соғыстың алғашқы сәттерiнде Солтүстiк Қазақстан облысының территориясына енген, әскерге шақырушыларынан 314-атқыштар дивизиясы құрылған. Кеңес Одағының Батыры атағының жоғары әскери белгiсiне 52 адам ие болған, 10 адам Даңқ ордендерiнiң толық кавалерi, мыңдаған жауынгер басқа да ордендер мен медальдардың иегерi болды.

IMG_0163

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2015
Қаралым саны: 2475