АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Е.Н. Әуелбековтің 85 - жылдығына орай көрме

2015 жылғы 22 маусымында Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында Социалистiк Еңбек Ерi, мемлекет, партия қайраткерi, Қазақстан КП Көкшетау обкомының бiрiншi хатшысы Еркiн Нұржанұлы Әуелбековтiң 85 жылдығына орай көрме ашылды.

Е.Н. Әуелбеков 1968-1978 жылдар аралығында 10 жыл бойы Көкшетау облысын басқарды. Е.Н. Әуелбековтiң қатысуымен ауыл шаруашылығында маңызды жетiстiктерге қол жеткiзiлдi, көптеген кеңшар мен ұжымшарлардың мекендерi, жұмысшы поселкелер қайта салынып, оларға тас жолдар орнатылды. Көкшетау қаласының көркiн адам танымастай өзгердi — темiр жол вокзалы, әуежай, баспошта, үй құрылыс комбинаты, Ленин атындағы мәдениет сарайы, Абай көшесiнiң бойындағы зәулiм үйлер құрылды, мыңдаған шаршы метр тұрғын үйлер тапсырылды, «Юбилейный» және «Бурабай» жаңа мөлтек аудандары салынды. Ол қаншама еңбегiн төгiп салған қаланың құрылыс нысандары осы күнге дейiн халыққа өз пайдасын тигiзуде.


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2015
Қаралым саны: 3608