2018 жылдың 31 мамырында Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне арналған iс-шара өттi.
Iс-шараға Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Мысыралимова А.Е., Ақмола облысының ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бiрлестiктер, үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерi қатысты. Iс-шара барысында қонақтар тақырыптық баяндамаларын оқып, естелiктерiмен бөлiстi, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн туралы деректi фильмдер көрсетiлдi.
Iс-шара соңында «Ақмола облысы мемлекеттiк архивi құжаттарындағы саяси қуғын-сүргiн саясаты» фотоқұжаттық көрме ұсынылды.
Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнде XX ғасыр тарихындағы драмалық және трагедиялық оқиғаларды растайтын архивтiк құжаттар сақтаулы. Деректi құжаттар бастарына зұлмат аштық, саяси қуғын-сүргiн және саяси тұрақсыздықпен байланысты ауыр қасыреттер түскен адамдар жайлы сыр шертедi.
Архивистер тарихшы-ғалымдармен бiрлесе отыра Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн тарихын кешендi түрде зерттеуiн жалғастырып, Ақмола аймағындағы саяси қуғын-сүргiн туралы белгiсiз тарихи деректердi анықтап тауып, зерттеуде.