Ашылу салтанатында Бiржан сал ауданы әкiмi Нұғыманов Ермек Бекенұлы өз сөзiнде бұл фотокөрмеде елiмiздiң даму тарихында облысымыздың қаншалықты маңыздылығы жөнiнде айтты.
Көрменi мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерi тамашалады, олар: әкiм орынбасарлары Сабыров Ерсайын Теңдiкұлы, Ахметова Орынбасар Теңдiкқызы, аппарат жетекшiсi Нұрғалиев Руслан Наильұлы, Бiржан сал аудандық мәслихат аппараты, аудандық сот, iшкi саясат бөлiмi, мәдениет бөлiмi, жергiлiктi баспасөз редакция мүшелерi, ауыл шаруашылық бөлiмi, кәсiпкер бөлiмi, қазынашылық, жастар ресурстық орталығы, фитосанитария бөлiмi, зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық мамандары, ардагерлер кеңесi, ауылдық округ әкiмдерi, құрметтi азаматтар, мектеп мұғалiмдерi және т.б.
Көрмеден кейiн пiкiрлер кiтабында Бiржансалдықтар өздерiнiң жылы лебiздерi мен iзгi тiлектерiн қалдырды.