22 – желтоқсан архивистер күніне орай және Ақмола облысының мемлекеттік архивінің 85 жылдығына арналған «Архив – тарих қазынасы» атты фотоқұжатты көрме өткізілді. «Архив – тарих сақтаушысы» жинағының және қайта қалпына келтірілген Ресейдің оңтүстік шекара белдеуінің картасының тұсаукесері өтті.
Архив - бұл тарихтың жаңғырығы мен болашақ сызбаларды сақтай отырып, әр құжат өзінің мәңгілігіне ие болатын іргетас. Архив-бұл өткенді жақсы сақтауға деген ұмтылыс.
Іс шараға Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер бөлімінің мамандары және бөлім басшысы Г. Филипьева, Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің директоры Б. Мұқанов, «Мемлекеттік, банк қызметкерлері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б. Бегалин қатысты.
Аталмыш іс шарада бiрқатар облыстық архив қызметкерлерi алғыс хаттар мен құрмет граматаларымен, архив қоймаларының меңгерушісі Е. Масленникова архив қызметінің үздігі төс белгісімен марапатталды.