АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2019 жылғы 21 мамырда Егіндікөл аудандық мәдениет үйінде «Өлке тарихы - Ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрмесі өтті

Ашылу салтанатында аудан әкiмi Ерлан Исабеков әрбiр фотосуреттiң тарихи құндылығы бар екенiн, елiмiздiң Тәуелсiздiк жылдарындағы әрбiр ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы айтып өттi.

Жылжымалы көрмеге Егiндiкөл ауданың әкiмi — Исабеков Ерлан Шойұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы — Әбiлов Бегендiк Қуандықұлы, аудан әкiмiнiң орынбасарлары — Шынтемiров Қабiкен Ағыбайұлы, Көбжетерова Алтыншаш Арынғазықызы, ауыл әкiмдерi, ауданның қызмет басшылары, мемлекеттiк қызметкерлер, аудан тұрғындары, №1, №2 орта мектеп оқушылары мен мұғалiмдерi, колледж студенттерi мен оқытушылары келдi. Көрмеге келушiлер 19 роллаптан тұратын Ақмола облысының жеке аймағының фото материалдармен танысты.

Iс-шара соңында аудандық мәслихаттың хатшысы — Әбiлов Бегендiк Қуандықұлы, аудан әкiмiнiң орынбасары — Көбжетерова Алтыншаш Арынғазықызы, ардагерлер Кеңесiнiң төрағасы — Әмiрханова Бақыт Бейсенбайқызы көрменiң пiкiр кiтабында осы iс-шараны ұйымдастырушыларға iзгi тiлектерiн қалдырды.

Мақалың шыққан күні: 21.05.2019
Қаралым саны: 2408
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика