АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында 2016 жылдың 29 сәуiрiнде Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне арналған iс-шара өткiзiлдi. Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағатының басшысы Г.Д.Салық қызметкерлердi құттықтап, осы мерекенiң шығу тарихы туралы сөз сөйледi.

Мемлекеттiк тiл бойынша тестiлеудi табысты тапсырған мұрағат қызметкерлерiне алғыс хаттар табысталды.

Iс-шара соңында Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының оқытушысы облыстық мұрағат қызметкерлерiмен сабақ өткiздi. Архив қызметкерлерi Қазақстан аумағында тұратын әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн, мәдениетiн ортаға салып, бiлiмдерiмен бөлiстi.

    

Мақаланың шыққан күні: 29.04.2016
Қаралым саны: 2323